Сатушы жоқтығын пайдаланып…

Рудный қаласының ІІБ полициясының учаскелік инспекторы дүкеннен тауық еті мен кондитерлік тағамдарды ұрлаған 36 жастағы әйелді ұстады. Күдікті бұл азық-түлік дүкенінен күнделікті сауда жасап келген, бірақ осы жолы ол керегін "ақысыз" алуды жөн көріпті.
Азаматша "Экспресс" атты дүкенге келіп, сатушының орнында жоқтығын пайдаланып, сөреден кондитерлік ораманы (рулет) жымқырған. Сондай-ақ көршілес бөліктегі тоңазытқыштан мұздатылған тауық етін алып, қоржынына сүңітіпті. Оңай олжаға кенелген ол лезде дүкеннен табанын жалтыратқан. Кейін тауарларының жоғалғанын бірден байқаған сатушы дереу полицияға қоңырау шалады.
Жедел іздестіру шаралары барысында жергілікті тәртіп сақшысы күдіктіні қолға түсірді. Тұтылған әйел кінәсін толық мойындағанымен, мұндай әрекетке баруына не итермелегенін түсіндіре алмайтынын айтқан.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 187 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓