Өзенге батып кетті
Қостанайда күннің салқындығына қарамай шомылған ер адам суға батып кетті. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды. 11 қыркүйек күні 30 жастағы азамат Тобыл өзеніне батып кетті. Құтқарушылардың айтуынша, қайғылы оқиға өзеннің шомылуға рұқсат етілмеген жерінде болған. Марқұмның денесі сол күні кешкілік тұңғиықтан табылды.