Оңтайландыру жолында

Жыл өткен сайын мемлекеттік қызметке орналасуға талаптанғандар мен тұрғындар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар көбейіп келеді. Халықтың сапалы қызмет алуына мүмкіндік жасау мемлекетіміздің басты ұстанымдарының біріне айналды. Осы орайда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі тағы бір науқанды қолға алып отыр. IMG_8144«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы шеңберінде «Өзгерістерді өзіңнен баста» бесінші кіші бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өңірлік департамент ғимаратында (Қостанай қаласы, Касымқанов көшесі, 34 үй) тұрғындарға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласының орталығы ашылды.

Бұл шараға өңірімізге сапарлап келген ҚР 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыруды сыртқы талдау және бағалау республикалық арнайы мониторингтік тобы өкілдері де қатысқанын айта кетейік. Олар «Адал жол – честный путь» республикалық жемқорлыққа қарсы марафоны аясында аймақтағы түрлі мекемелерде болып, мемлекеттік қызметтің халыққа көрсетілу деңгейі, сапасына бақылау жасамақ. Агенттік бұл науқанға қоғамда өзіндік пікірі қалыптасқан белсенділерді, ел алдында беделді, сөзі өтімді, соның ішінде танымал ғалымдар, жазушылар, депутаттар, блогерлерді жұмылдырып отыр.IMG_8214  – Агенттіктің басты ұстанымы – кез келген азаматтың, мемлекеттік қызметшінің өзіне қатысты туындаған мәселеге нақты, тұщымды, ешқандай бөгетсіз жауап таба алатындай жағдай жасау. Бұл мақсатта Қазақстанның барлық аймақтарында қазір осындай орталықтар ашылуда. Қандай да бір даулы түйткіл, жұмысыңа қатысты кедергі, құжат ресімдеу, орталықтың аты айтып тұрғандай, қызмет саласындағы барлық сұрақтарды заңды тұрғыда шешуге бағытталған. Құжаттарды ресімдеу, анықтамалар алу барысында бұрынғыдай бірнеше күнге әуре-сарсаң, созбалаңға салатын қағазбастылықтан арылып, жедел қызмет алатын «бір терезе» қағидатын енгізіп отыр, – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин.IMG_8245Орталықтағы үш орынның екеуінде департамент қызметкерлері, бір орында халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері кеңестер беріп, қызметтер көрсетпек.

– Соның ішінде электронды қызмет алуына және бос мемлекеттік қызмет орындарына өту үшін аттестация тапсыруға бағытталған. Бұл мемлекеттік қызмет сапасының жақсарып, жедел орындалуына және әкімшілік кедергілердің жойылуына барынша мүмкіндік береді, – деді өңірлік департаменттің басқарма басшысы Гүлнар Шағырова.

Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ,

Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓