Оқу-жаттығу жиынын жемісті аяқтады (ВИДЕО)

Дмитрий Огай шәкірттері маусымалды соңғы дайындықтарын пысықтады. Нәтиже жаман емес. Оқу-жаттығу жиынындағы соңғы жолдастық кездесуді Черкасс қаласынан келген украиналық «Днепр» командасына қарсы өткізді.  Бұл жолы да қос құраммен ойнаған «Тобыл» екі бөлікте де жақсы ойын өрнегін көрсетіп, әр таймда қарсыластың қақпасынан саңылау таба білді. Ойын 2:0 есебімен біздің пайдамызға шешілді.  
700_f0b2382d03eea7449efa106357923807
(Сурет fc-tobol.kz сайтынан алынды) 
Алғаш голды команданың белсенді футболшылардың бірі Томаш Шимкович соқты. Ол «Днепр» қорғаушыларымен таласа жүріп, ала допты ырқына бағындырып, қарсылас қақпашының бойынан асыра тастап, арғы бұрышты дәл көздеді. Қазіргі «Тобыл» ойыншысы, укрианалық легионер Сергей Яворский отандастарын қапы қалдырып, алыстан бағыттаған соққысы, «Днепр» қақпасынан табылды. Ойын нүктесі де осы жерден қойылған болатын.
Қостанайлық команда бүгін елге оралады. 6 наурыз күні «Затотобольец» стадионында ел біріншілігінің алғашқы ойынының дайындықтарына кіріседі. Ескерте кетейік, «Тобыл» биылғы чемпионатты оралдық «Ақжайыққ» қарсы бастайды. Тұсаукесер ойын 13 наурыз күні «Затобольец» стадионында өтеді.      
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓