Оқушыларымыз озды
Әулиекөл ауданының шағын қамтылған мектептері арасында шағын футболдан жарыс болып өтті. Жарысқа алты команда қатысып, күш сынасты. Аудан орталығында өткен ала доптың бәсі аса тартысты өтті. Турнирдің қорытындысында жүлделі бірінші орынды №2-ші Қазанбасы орта мектебінің оқушылар командасы иеленді. Сөйтіп олар футзалдан ауданның үш дүркін чемпионы атанды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Кенжебек Баймұхамбетов, Берік Сейденов, Рүстем Әбішев бастаған оқушылар командасының жетістігі бізді де қуантты. Осындай білікті ұстаздардың арқасында біздің шәкірттеріміз жоғары нәтижелерге жетіп, биіктен көрініп жүр. "Дені саудың – жаны сау" деп ата-бабаларымыз айтқандай, түрлі спорттың жарыстарына мектеп оқушылары белсене қатысады. Олардың аудандық жарысқа қатысуына қол ұшын созған ауыл әкімі Тұрғынбек Әбдібековке мектеп ұжымы атынан зор ризашылығымызды білдіреміз.
Әділхан УӘЛИХАН,
тарих пәнінің мұғалімі.