Тең түсті

Футболдан Қазақстан Ұлттық чемпионатының Премьер-Лига командалары арасындағы 4 тур ойындарына сәйкес Қостанайдың «Тобылы» Павлодардың «Ертісіне» қонаққа барған. Биылғы маусым басталғалы жалғыз ұпаймен көш соңында ілбіп қана жүрген қостанайлық футболшылардан көпшілік бұл жолы да ештеңе күтпегені анық.иртыш 1
Ойынның 7 минутында алаң иелері Петухов қақпасын дәл көздеп, есеп ашты.Григорий Сартаковтың соққан добы 90 минут бойы өзгеріссіз тұрып, тек кездесудің 90-шы минутында «Тобылдың ойыншысы Сергей Мошников таблодағы есепті теңестіріп, командаластарын жеңілістен құтқарып қалды.
Енді жерлестеріміз 5 сәуір күні өз алаңында (Затоболдағы «Затоболец» стадионы) Қарағандының «Шахтерін» қабылдайды.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓