Иісшіл иттердің көмегімен…

Өткен демалыс күндері шекарашылар екі есірткі тасымалына тосқауыл қойды. 
"Қайрақ авто" өткізу нүктесінде қызметтік иттердің көмегімен 40 жастағы ресейлік азамат 5 келі марихуанамен ұсталды. Күдікті "ГАЗ" автокөлігімен өз Отанына өтпек болған. Тексеру барысында есірткілік зат машинаның кузовынан табылды. Қылмыскер Қарабалық ауданының құқыққорғау органдарына жөнелтілді.марихуана
Нақ осы шекаралық отрядта, тек "Обаған авто" өткізу бекетінде "Лисаков-Түмен" рейстік автобусын тексеру барысында иісшіл иттер орындық астынан 50 грамм марихуана тауып алды. Материалдар Ұзынкөл ауданының ІІБ-не жолданды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓