5 жыл күткен үкім
Қостанай қалалық соты «Вестах» ЖШС-нің өндіріс кезінде қаза тапқан жұмыскердің жары Елена Семенованың аталған серіктестіктен моральдық залады өндіру туралы шағымын қарады.Осыдан 5 жыл бұрын, 2011 жылдың 29 маусымында сағат 22.45 шамасында директор орынбасары Д.Иванченконың еңбекті қорғау ережесін және техникалық қауіпсіздік шараларын дөрекі бұзуының салдарынан слесарь-бригадир Д.Семенов «Вестах» ЖШС аумағында автобөлшектерді жүк көлігінен түсіріп жатып жоғарғы вольтты электр желісі сымдарына жанасуға жол береді. Тоққа түскен жұмыскер Д.Семенов қалалық ауруханада есін жимастан қаза тапқан.
Сот үкімімен Д.Иванченко қылмыстық құқық бұзушылықта айыпты деп танылып, оған екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Алайда қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімінің өтуіне байланысты Иванченко ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 35 бабы 4 бөлігіне сәйкес жазаны өтеуден босатылған болатын.
Іс бойынша жәбірленуші азаматтық тәртіпте моральдық залады өндіруге шағымданған. Қаза болған азаматтың жұбайы сот отырысы барысында бес жыл бойы әділдікке қол жеткізуге күрескенін және асыраушыларының жоқтығынан ол қызымен моральдық және материалдық қиындықтарға тап болғанын айтқан.
Істі қарау нәтижесі бойынша Қостанай қалалық сотының шешімімен ЖШС-нен азаматша Е.Семенова пайдасына 500 000 теңге моральдық залал өтемі өндірілді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі