Мамандар ескертеді

Қостанай облысы халқына ауа райының қолайсыздығына байланысты ескертулер жасала бастады.Без названия (1)
"Қымбатты қостанайлықтар және облыс тұрғындары, ауа райының қолайсыздығына байланысты Денсаулық сақтау басқармасы 27 қазанда қысқы дөңгелек салынбаған автокөлікпен жолға шығудан бас тартуды сұрайды. Бүгін жаңбыр толассыз жауып тұр. Ертең нөлдік температура күтіледі, жолдарда көктайғақ пайда болуы мүмкін. ЖСондай-ақ, жаяу жүргіншілер, сіздер де өте сақ болыңыздар! Әсіресе, қарт адамдар, мүмкіндігінше үйде болыңыздар", – деп жазған еді облыстық Денсаулық басқармасының мамандары.
Қауіптің алдын алу үшін күндіз-түні тынымсыз жұмыс істеген жолға жауапты мамандар да өңір тұрғындарына ақыл-кеңестерін айтуда. "Қазақавтожол" ЖШС жүргізушілерге көліктерінің барлық дөңгелектеріне қысқы резина тағуға, жолға шығарда жанар-жағар май қорын мүмкіндігінше мол алуға, жылытқыштың ақаусыз жұмыс істейтініне көз жеткізуге, терезе жуғыш және терезе сүрткіш құралдарды ауыстыруға шақырады. Мұның сыртында, мамандардың ескертуінше, кез келген жауапты жүргізуші көлігінде есік құлпын жібітетін құрал, шам, қардан тазалау щеткасы, апаттық аялдау белгісі, сым арқан, қуаты біткен аккумуляторды донор-көлік көмегімен "әлдендіріп" алуға қажетті қсықашы бар сым, сондай-ақ күрек және жамылғы мен қалың киім алып жүруі тиіс.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓