Билік өкіліне қарсылық білдіргені үшін бас бостандығы шектелді
Құқық қорғау органы қызметкеріне қол көтерген 30 жасар азамат жазаға тартылды деп хабарлады Қостанай облыстық соттың баспасөз хатшысы Л.Байғожина.
Өткен жылдың қараша айында Н.Кузьмичев РФ жағынан келе жатқан өзінің танысымен Қостанай қаласына жетпекші болды.
Екеуі Екатеринбург-Алматы тасжолының бойында жолығуға келіскен еді. Жолға шыққан Кузьмичев «Рубеж» бекетіне жеткенде танысына телефон шалып оның қайда екенін білмек болады. Дала жел болғандықтан жақсы есту үшін «Рубеж» ББ ішіне кіріп өзінің танысына қоңырау шалады. Бекет ішіне кіруге болмайтындығын білмесе керек. Оған «Рубеж» көліктік бақылау стационарлық бекетінің әкімшілік полиция басқармасының жол-патрульдік полициясы батальонының аға инспекторы шығып, онда тұруға болмайтынын айтып, сыртқа шығуын өтінеді. Оны шам көрген жолаушы, масаң күйінде өз қызметтік міндетін атқарушы құқық қорғау органы өкілінің бетінен соққы жасайды.
Жігіт сол жерде қамауға алынып, медециналық куәландыруға жіберіледі.
Қарабалық аудадық соты Н.Кузьмичевті ҚР ҚК 380 б. 1 б. (билік өкіліне қарсылық көрсету) бойынша қарастырылған қылмысты жасауда кінәлі деп тауып, оған 1 жыл пробациялық бақылау қою арқылы 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Сонымен қатар сотталушы тиісті мемлекеттік органды хабардар етусіз тұрғылықты орнын, жұмысын ауыстырмауға, түнгі уақытта ойын-сауық орындарына бармауға міндеттелді.
Махаббат Бекбай