Тасқынға дайынбыз ба?

Қостанайлықтар су тасқынына қаншалықты дайын? Төтенше жағдайлар бола қалса қанша адам және қанша техника көмекке келуге әзір? Осы сұрақтарға Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Талғат Кәкімов жауап берді.DSC_0329 – Біздің өңірдің көктемгі су тасқынына дайындығы қалай?
-Су тасқынынан 17 электр тасымалдау желілері, 20-ға жуық авто жолдар учаскесі зиян шегуі мүмкін деп болжап отырмыз. DSC_0279Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бұл туралы біледі, сондықтан іс-қимыл шараларының жоспары бекітілді, күштік құрылымдар мен құралдар сақадай-сай. Қостанай облысында 68 мектеп пен қонақ үй уақытша эвакуациялау орны ретінде әзірленді. Жергілікті атқарушы органдар тамақтандыруды ұйымдастыратын болады. Тұрғындарға қауіп төнген жағдайда барлық бұқаралық ақпарат құралдарынан хабар беріп отырамыз.DSC_0323
3-4 наурызда «Көктем-2016» республикалық командалык-штабтық оқу-жаттығу шаралары өтеді. Онда облыстың барлық күш құрылымдары жұмылдырылатын болады. Құтқарушылар қар суларын апатсыз өткізуде тәжірибелік машықтануды меңгереді. Қостанай облысында 7000 азаматтық қорғау құрамасы мен жеке құрамның 11 мыңнан астам адамы апаттың алдын алуымен күресетін болады. Қосымша инженерлік және су тартатын техникалар бар.DSC_0334
Осы жылы су тасқынына қарсы іс-шараларға облыстық бюджеттен 400 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді. Оның ішінде аумақты әуеден барлау үшін 13 миллионға жуық қаражат жұмсалады, 7 миллионға жуық қаржы жарылыс жұмыстарын жүргізуге бөлінді. сең жүру кезеңін апатсыз өткізуге осал жерлерде жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдар тарапынан өтінімдер қабылдануда. Облыс бойынша 11 гидротехникалық құрылыс есептелуде, ең ірілері – Жоғарғы-Тобыл және Қаратомар су қоймалары. 1 ақпандағы жағдай бойынша оларда 441 млн. текше метр еркін көлемде су қоры бар.DSC_0269
– Ал көршілес Ресеймен су тасқынына байланысты қандай шаралар жүргізілуде? Қанша су мөлшері келеді деп отырсыздар?
– Қабылданатын судың нақты көлемі 5 наурыздан кейін белгілі болады. Осы уақытта да су тасқынының нақты болжамы белгілі болғанда жағдайда ғана нақты айта аламыз. Облыс өзендері өз бастауын көршілес Ресейден алғандықтан, судың көп мөлшерде келуі көршілерге де байланысты. Осы мақсатта көршілес Челябі және Орынбор облыстармен күн сайын байланысып отырмыз. Оларда да дәл біздікіндегідей жағдай.
Құтқарушылар кез келген төтенше жағдайға дайын, оқытылған, жабдықталған. Қажетті мөлшерде жүзу құралдары бар. Егер топан су келсе, облыстық және қалалық, аудандық штабтар жұмылдырылатын болады. Қазіргі уақытта да жедел топтар құрылды, олардың міндеттері ең біріншіден су тасқыны жағдайын тексеріп, бағалау және қажетті күштерді жұмылдыру.DSC_0347
 Облыс орталығының өзінде алдын алу шаралары жүргізілуде, Қазір қалың қарлар шығарылуда, арықтар тазартылуда, аулаларды аралып, насихат жұмыстарын жүргізілуде, жеке меншік үйлер мен мемлекеттік мекемелердің шатырлары қардан тазартылуда.  Жалпы наурыздың соңы сәуірдің аяғына дейін штаттан тыс жағдайларға дайын болу қажет.  
                  
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓