Әйел туысын пышақтап өлтірді
Қайғылы оқиға Арқалық қаласының Новый кентінде болған. Ақпаратты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«35 жастағы әйел жанжалдасу кезінде 45 жастағы туысқанының жүрек тұсынан пышақ сұғып алған. Ауыр жараланған жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстады. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
ҚР ҚК 99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүдделері үшін басқа ақпарат жария етілмейді.