Мейірім мен достықтың жарқын үлгісі

Қазахстан Республикасының халқы биылдан бастап алғаш рет Алғыс айту күнін атап өтеді. Бұл мереке Мемлекет басшысының Жарлығымен 1 наурызға белгіленген болатын. Атаулы күннің маңызын түсіндіру мақсатында қаламыздағы ҚР Ұлттық Ұланы №6697 әскери бөлімі іс-шара өткізді.IMG_9810Оған 6697 әскери бөлімінің командирі, подполковник Қайрат Берсіғұлов, «Нұр Отан» ҚОФ баспасөз қызметінің жетекшісі Серікбай Шаймағамбетов және «Дослық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы Ренат Бектемиров қатысты.IMG_9802-Жаңа мерекенің мақсаты – еліміздегі қоғамдық келісім мен бірлікті, тұрақтылықты нығайту, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы мен жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Тұрақтылық – біздің басты құндылығымыз. Этносарылық келісімнің арқасында Қазақстан халқы тату-тәтті өмір сүруде. Алғыс айту күні бір-бірімізге деген сыйластықтың жарқын үлгісі. Ата-бабамыз тағдырдың айдауымен жер аударған өзге этнос өкілдерін құшақ жая қарсы алды. Алдыңғы толқынның қайырымдылыққа толы іс-әрекеті бүгінгі жастарға үлгі,-деді 6697 әскери бөлімінің командирі, подполковник Қайрат Берсіғұлов.IMG_9801Елбасы 2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында сөйлеген сөзінде: «Сталиндік режім кезіндегі әр жылдарда бүтіндей бір халықтар – 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері, 18,5 мың Қиыр Шығыстағы корей отбасылары қоныс аударды. Оларды вагондардан ашық далаға әкеліп түсірді. Ол кезде мұнда тек қазақтар ғана тұратын. Сондықтан қабылдаған да солар болды. Сөйтіп, өздері мұқтаждықта өмір сүріп жатқан қазақ отбасылары оларды өздерінің саман үйлерінде қабылдады» деген болатын. Тарихта қалған бұл оқиғаның астарында барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытуы жатса керек. Сондай-ақ 1 наурыз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні екені белгілі. IMG_9784
IMG_9849
IMG_9782
IMG_9928
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓