Асхаттың асқақ арманы

Адам баласының бойына Алланың құдіреттілігімен, ананың ақ сүтімен дарыған өнер ел ішіне кеңінен насихатталмаса құдды бір желге ұшып, қонарын сай білген қаңбақтай еленбесі де бесенеден белгілі. Өнерді  өгейсітіп қадірін жете білмесек, баянды әрі   жарқын болашақтың тамырына балта шабылмасына кім кепіл. Киелі  Торғай жері батырлар мен ақындардың, би-шешендердің қасиетті мекені деп жатамыз. Ал бүгінгі ұрпақ осы атқа лайықты ма? Соңғы жылдары талантты өнер иелері жоқтың қасы демесекте, ілеуде – біреу ортадан суырылып шығып жатады. Бұл өнердің қайнаған ордасына айнал-ған құтты мекеннің атына мін болмаса да сын болары сөзсіз.02_12_2013-17_05_20
Бұған дейін Б.Хамзин атындағы өнер мектебі тынымсыз еңбек атқарып, ауылды жерлерде асық ойнап, құмның арасында көрінбей жүрген тума таланттарды жарыққа шығарып, бойларындағы булығып шықпай қалған өнерлерін дәріптеп, аудан, облыс тіпті республикалық байқауларға қатыстырып, бақтарын ашқан болатын. Сол өнерлі балалар қазіргі таңда өнер саласы бойынша өздері таңдаған жоғарғы оқу орындарына түсіп, одан әрі өнерлерін шыңдап, шетелдерде оқып жатыр. Менің бүгінгі мақалама арқау болып отырған кейіпкерім бала кезінен әнші болуды армандап, діттеген мақсатына қол жеткізген өнер иесі. Ол Жанкелдин ауданы, Шеген ауылының тұрғыны Асхат Шыңғысов.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған Асхат сыныптастарының арасында сабақ оқуға деген құлшынысын былай қойғанда мектепшілік байқауларға қатысып, өнерімен көзге түсіп, ұстаздардың назарына іліне бастайды. Ән-күй сабағынан дәріс берген мұғалімі бала Асхаттың ән айтуға талпынысы бар екендігін іштей сезеді. Кейін әуені мен үні келіскен жас әншіні аудандық бай-қауларға қатыстыруға бел шешеді. Ойы жүзеге асқан мұғалімнің арманы орындалып, аудандық байқауда Асхаттың бағы жанып, жүлделі бірінші орынды иеленеді. Бұл да әнші баланың бала күнгі арманы еді.
Осыдан кейін Асхат аудандық байқауларда жеңімпаз атанып, облыстық оқушылар фестиваліне жолдама алады. Өзіне тән әуезді үнімен облыс жұртшылығын тәнті еткен Асхаттың мерейі өсті.
11 жыл бойы Аманкелді орта мектебінің мәртебесін асқақтат-қан Асхат 2006 жылы Қостанай экономикалық колледжіне оқуға түседі. Аталмыш оқу орнында оқып жүргенде де мерекелік мәдени  көпшілік іс-шараларда ән айтып, білікті музыканттардың көңілінен шыққан. Жанына жат болса да диплом үшін амалсыз түскен колледжді тәмамдап, 2008 жылы музыкалық білім мамандығы бойынша сырттай оқуға түскен. 2010 жылы Жанұзақ Айсағалиевтің шақыруымен Мең-діқара аудандық мәдениет үйіне қызметке орналасады. Жаңа қызметке орналасқан Асхат осы жылы "Мендіқара достарын шақырады" атты облыстық ретро фестиваліне қатысып, бас жүлдені иеленген. Артынша Халықаралық Шабыт фестивалінде Қанат Ражанов, Мәди Нұрмұханбетов үшеуі үш  дауыста ән салып, "Көрермендер көзайымы" номинациясына лайықты деп бағаланады. Осыдан бастап Асхат мүмкіндігі мол ізденіске зейін қойып, біржола ән айтуға бетбұрыс жасайды.
Өмірдегі сыңарын тауып, теңіне қосылған Асхат Төлегенұлы шаңырақ көтеріп, әке атанды. Меңдіқара ауданынан ауысып, аудан орталығындағы Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйіне жұ-   мысқа тұрды. Аудан мәде-ниетінің өркендеуіне өзіндік үлесін қоса жүріп, 2013 жылы Атырау облысында өткен "Атырауым – асыл мекенім" атты республикалық әнші-сазгерлер конкурсында бақ сынап, нәтижесінде дипломант атағын иеленсе, 2014 жылы Ақтөбе облысы, Ыр-ғыз ауданында "Аймақты әнмен тербетіп" атты Ырғыз өнер мерекесінде ән номинациясы бойынша бас жүлдені иеленіп, ауданымыздың абыройын үстем етті. Отбасылық жағдайға байланысты туған жері Шеген ауылындағы  Аманкелді атындағы орта мектебінде ән-күй пәні            бойынша қызметін жалғастыруда. Аудан көлемінде өтетін мерекелік кештерге арнайы келіп, репертуарындағы әндерін нақышына келтіріп орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленуде. Қазіргі шығып жатқан жас әншілер жұлдызды әншілерге  еліктеп, әдемі әннің шырқын бұзып жатады. Ал, Асхаттың  "Айқаракөз" әнін айтудағы           ерекшелігі мүлде ешкімге ұқсамайды.
"Уақыт емші"  Алла сәтін салып, ортамыздан өнерге жанашырлық танытып, қолдау көрсетіп, демеушілік жасайтын атымтай – жомарт азаматтар табылып жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Себебі Асхаттың ендігі асқақ  арманы "Қазақстан дауысы" байқауына қатысу.
 Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ.
 Жанкелдин ауданы.
 
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓