« Жергілікті жастарға үміт артып отырмыз» «Тобыл» командасының бас бапкері Сергей Масленовтың пікірі осындай

  «Тобыл» футбол клубы өз жанкүйерлерімен кездесті. Орталық стадионда өткен басқосуға бір қауым ел жиналды.Олар футболшыларға, клуб басшыларына көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдады. Естеріңізде болса, соңғы матчта «Тобыл» өз алаңында Талдықорғанның «Жетісуынан 1:3 есебімен жеңіліп қалған болатын. Сырт алаң түгілі «өз үйінде» қарсыластарына жол беріп қойған команда мүшелеріне қостанайлық жанкүйерлердің өкпесі шынында да «қара қазандай».IMG_9285
 

IMG_9259

Кездесу осы әңгімеден басталды. Жанкүйерлердің сұрақтарына команда капитаны Нұрбол Жұмасқалиев, бас бапкер Сергей Масленов жауап берді. Заманында ел чемпионатының көрігін қыздырған «Тобылдың» бүгінгі тірлігіне реніш білдірген жанкүйерлер клуб басшыларына да сұрақты жаудырды. Оның бәріне Талғат Баймұратов және оның командасы тұщымды әрі нақты жауап қайтарып, жанкүйерлердің күпті көңілін басуға тырысты.

IMG_9278

 

IMG_9289

 

IMG_9304

Әрине, спорт та жеңіс пен жеңілістің қатар жүретіні шындық. Бірде ұтасың, бірде аймаңдай боп ұтыласың. Оның үстіне жүлде ауылынан алыстағалы бері облыс басшылығы да команданың алдына биік мақсаттар қойып отырған жоқ. Рас, үстіміздегі жылы қостанайлық клуб Премьер-лиганың алғашқы алтылығына ілігуі керек еді, алайда, ол үміт ақталмады. Бас бапкердің айтуынша, қазіргі негізгі күш жергілікті жас футболшыларды команда қатарына тартуға жұмсалып жатқан көрінеді. Ол үшін аз-кем уақыт керек.

IMG_9299

       Қысқасы, жанкүйерлер өздерінің сүйікті командасынан тек жеңіс күтеді. Ал команда мүшелері қарсыластарына қалайда есе жібермеуге уәде етті. Көпшілік қазір бас бапкерді ауыстырудың қажеттілігі жоқ деп отыр.  Бұл «Өткелде ат ауыстыруға болмайды»-дегенді еріксіз еске салады. Шындығында да одан келер пайда жоқ. Енді жерлестеріміз 23 тамыз күні өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдайды.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓