ЖАҢА ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ
Қостанайда мүмкіндігі шектеулі жастар үшін болашақ орталығы ашылмақ. Онда 18-40 жас аралығындағы тұрғындар жұмысқа орналасу үшін жаңа білім ала алады. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қостанайлық "Рауан"қоғамдық бірлестігі оқытпақ.
Олардың жастар болашағы орталығы туралы идеясы биылғы жылдың сәуір айында Алматыда өткен республикалық әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінде жеңімпаз атанды. Оны жүзеге асыру үшін бірлестік 2,5 миллион теңге алды. Бұл ақшаны Тұңғыш Президент қоры бөлді. "Бізде 2019 жылдың желтоқсанына дейін полиграфия, бау – бақша шаруашылығы және Өсімдік шаруашылығы, аспаздық курстар, сондай-ақ ағаш, қолөнер, құс шаруашылығы және көркем сабақтарды ұйымдастыру бағыттары бойынша курстар өтеді", – деп хабарлады "Рауан" мүмкіндігі шектеулі жастар ұйымы " ҚБ төрайымы Айсұлу Жұмабаева.
"Рауан" қатысушылары өз оқушыларына болашақта жұмысқа орналасуға көмектесуге ниетті. Ең алдымен, оқытудан өткендерді біріктіруге тырысады. Сонымен қатар, адамдар басқа ұйымдарға жұмысқа орналасуға көмектеспек ниетте. Аталған орталық Қостанай қ., Фабричная, 11 мекен жайында орналасқан. Алғашқы сабақ 5 тамызда басталады деп күтілуде.