Оқушылар алғыс арқалап қайтты
"Алғыс айту" күні қарсаңында мемлекеттік тілде оқытатын Сарыкөл орта мектебіндегі «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері қарияларға қол ұшын созды.

Бұл қайрымдылық шарасы барысында музыка пәнінің мұғалімі Маржанкүл Қайркенқызы бастаған бір топ оқушы Лысый отбасына барып, бір үйде тек екеуі ғана тұратын қарттар – Иван Архипович пен Лидия Клименьтиевнаның хал-жағдайын білді. Олар үй жинау, ыдыстардың шаңын сүрту, гүлге су құю сынды жұмыстарды атқарып, үлкендердің ризашылығына кенелді.


Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.