Арқалықтықтар алғыс алуға асықты
1наурыз – Қазақстан Республикасының "Алғыс айту" күніне арналған қайырымдылық шаралары қалада күн өткен сайын қарқын алуда.
– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен биыл елімізде тұңғыш рет аталып өткелі отырған бұл күннің ел өмірінде алар орнының маңызы зор, – дейді қала әкімінің орынбасары Есламбек Мәметеков.
Бүгінгі күні Мұхтасиб Әлмұхамед молла атындағы Арқалық қалалық мешіті "Западный" поселкесінде тұратын көп балалы ана Гүлдерай Әлмағанбетоваға 3 тонна көмір түсіріп берсе, "Құрметті қажы" атағының иегері Мираш қажы Тәшетұлы өз отбасының атынан аз қамтылған 3 отбасына қаржылай көмегін көрсетті.
– Ізгі шараға қала мекемелері мен ұжымдары да көптеп үн қосуда. Әсіресе, жас ұрпақты тәрбиелеп, кәсіптік білім беріп отырған оқу орындары жоғары белсенділік танытуда,- дейді қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Азамат Сұлтанбекұлы. Атап айтқанда, Арқалық көпсалалы колледжі асыраушысынан айрылған бір шәкіртіне оқу ақысының 25 пайызын жеңілдетіп, аз қамтылған отбасылардың балаларына 25 мың теңге көлемінде қаржылай көмегін жасады. Топтарда "Алғыс айту парызым" атты тәрбие сағаттары өткізіліп, спорттан жақсы деңгейге жеткен 7 оқушыға демеушілік жасалды. Колледж директоры Серік Саржанов: "Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуды алдағы уақытта да қарастырғалы отырғандықтарын мәлімдеді. Торғай аграрлы – техникалық колледжі мүмкіндігі шектеулі 2 адамның шашын басып қайырымдылық танытты. Арқалық политехникалық колледжінің "Серпін" бағдарламасы бойынша шаштараз мамандығына оқып жатқан шәкірттері Айдарбек Мэлсұлы мен Ерлан Әбдікәрім "Новый" поселкесінде тұратын Ауған соғысының ардагері, І топ мүгедегі Әмірбек Қарабекұлының шашын басып, аталған оқу орнының өзге де шәкірттері ардагердің үйінің маңайын қалың түскен қардан тазартып берді. – Біз мұндай көмекті қалалық "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" бөлімінен алған тізім бойынша 5 адамға көрсетпекпіз. Сондай – ақ, осы кісілерге алдағы уақытта да тұрақты жәрдемдесіп отыруды ұйғардық,- дейді колледж директорының орынбасары Дархан Қожахметов.
Арқалықтықтар осылайша жарқын іске жаршы болып, ағайынның мол алғысына кенелуде.

Мұрат Жүнісұлы