АЕК және зейнетақы өседі
Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш және зейнетақы көлемі өседі. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты жазады.
Алматы қаласында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің жетекшісі Айдындан Нарматов 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап АЕК және зейнетақы көлемі ұлғаятынын айтты. Нақтысында:
– айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 778 теңгеге (2020 жылдың 1 қаңтарынан бері 2 651 теңге болған);
– ең төменгі зейнетақы – 40 441 теңгеге (2020 жылдың 1 қаңтарынан бері 38 636 теңге болған);
– ең төменгі күнкөріс деңгейі – 32 668 теңге (2020 жылдың 1 қаңтарынан бері 31 183 теңге болған);
– ең төменгі базалық зейнетақы төлемінің көлемі – 17 641 теңге (2020 жылдың 1 қаңтарынан бері 16 839 теңге болған);
– ең төменгі жалақы көлемі – 42 500 теңгеге ұлғаяды.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақыны және барлық мемлекеттік жәрдемақыларды, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмекті, жылдық мәнде 10 пайызға индекстеуді тапсырған болатын. Осыдан кейін бұл деңгейдегі азаматтардың кірісі 200 млрд теңгеге өскен.

Айлық есептік көрсеткіш жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ заңнамаға сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін пайдаланылады.