Тәртіпсіздікпен тізе біріктіре күреседі
Қостанайда жергілікті полицейлер мен қоғамның өзара әрекеттестігінің жаңа формаларын тұтынысқа енгізуде. Бүгін жергілікті тәртіп сақшылары мен атқарушы орган өкілдері арасында алғашқы сап түзеу байқауы өтті, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі. 800-ден астам полицей мен әкімдік қызметкері қоғамдық тәртіпті күзетуге кірісті.
Солардың бірі – облыс әкімдігінің аппаратында жұмыс істейтін жас жігіт Сәруар Шәмшиев жаяу бақылау қызметіне көмектесетін болды.
-Менің бұл іс-шараға қоғамдық тәртіп ортақ ісіміз деп санағандықтан қатысып отырмын. Маған жергілікті полиция жұмысының спецификасымен танысу мүмкіндігі туды. Мен ереже бұзушылармен сұхбат жүргізіп, «нөлдік шыдамдылық» қағидасындағы қоғамдық әрекетті түсіндіретін боламын. Мұндай тізе біріктіре жұмыс атқару сөзсіз нәтиже береді деп білемін,-дейді жас азамат.
Бұл шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Ол өз сөзінде жергілікті полиция қызметі құрылымы мемлекет басшысының «5 институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында құрылғанын атап өтті.
-Жергілікті полиция қызметкерлері бұдан былай аймақ тұрғындарының мұқтаждықтары мен мәселелерін күйттеуге жіті жақындай түседі. Енді біз қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша жаңа шешімдерді іздеуге бірлескен күшпен кірісеміз. Бүгінгі ауқымды шара – атқаруымыз керек үлкен жұмыстардың бастамасы,-деді ол.
Ал облыстық ІІД басшысы полиция генерал-майоры Тлеген Мәткенов жеке құрамдарға міндеттер жүктеп, азаматтардың конституциялық құқығын бақылау басты назарда ұсталуы керек екендігін айтты.
Өз кезегінде облыстық ІІД жергілікті полициялық қызметтің басшысы, полиция полковнигі Негмет Исмағұлов жаңа құрылым жұмысты өзгертпегенін, керісінше, көрсеткіштерді жақсартқанын айтты. Көшедегі қылмыстардың азайғаны байқалатынын тілге тиек етті.
-Жергілікті полиция өз жұмысын 2016 жылдың 1 қаңтарында бастады. Сол уақыттан бері тәртіп сақшылары 159 қылмыстың бетін ашып, 27 000 құқықбұзушылықты анықтады,-деп сөзін түйді Н.Исмағұлов.
Жалпы, погондылардың жұмысы жұмырлана түскен. Олар білім, денсаулық, әлеуемттік қорғау басқармаларымен тығыз қарым-қатынаста.
Бұдан былай ювенальды полиция қызметкерлері, әлеуметтік педагогтер, білім бөлімдерінің жұмысшылары, жол-бақылау полициясының бірлескен экипаждары, атқарушы орган өкілдері және ЖҚАП (СОБР) экипаждары тізе біріктіре тәртіпсіздікпен күреседі.