ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚ ҚҰРЫЛАДЫ

Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев жұмыс сапарымен Қостанайға келді.  Алдымен Әсет Өрентайұлы “Агромаш Холдинг” АҚ мен «Сарыарқа АвтоПром» ЖШС өндіріс алаңдарына беттеді. IMG_7702Мұнда министрмен бірге «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Болат Жәмішев, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Allur Group акционерлері, түрлі компания басшылары және шетелдік автокөлік зауыттарының өкілдері болды.IMG_7770
IMG_7755«Allur Group» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев IVECO, Peugeot, Jac көліктерінің құрастырылу барысымен таныстырды. Делегация мотор бөлігін дәнекерлеу учаскесі мен құрастыру аймағын аралап, ондағы жұмыс жағдайын бақылады.IMG_7734
 
IMG_7714– Былтырғы жылы Елбасы Н.Назарбаев Франция, Қытай, Италия секілді автокөлік шығарушы алпауыт елдерде іссапармен болып, Қазақстанда автокөлік кластерін жасау үшін келісімге қол қойған еді. Қостанай – елдегі автоөндірістің басты орталығы. Биыл Қостанайға мемлекет қаржысынан 1 млрд.теңге индустриалды аймақ құруға бөлді. Бүгінгі жиынға қатысып отырған «СМС», «IVECO», «GlobaLink» және басқа да компания өкілдеріне алғысымды білдіремін, – деді Әсет Исекешев.IMG_7751
            IMG_7786 Осы уақытқа дейін “Агромаш Холдинг” АҚ мен «Сарыарқа АвтоПром» ЖШС 25000 Jac автокөлігін шығарды. Ендігі мақсат – экспортқа шығару. Ал атақты «CNHI» компаниясының төрағасы Роберто Вальфре Қостанайда құрастырылған көліктердің сапасына жақсы бағасын берді. Жоспар бойынша бастапқы 100 автокөлікті экспортқа шығармақшы.IMG_7784
 
IMG_7790
IMG_7794
IMG_7843
IMG_7802– Облыста индустриалды аймақ құру экономиканың басым секторларына отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қосымша қолайлы жағдайлар жасайды. Біз үшін барлық жағынан алғанда маңызы зор. Қостанайдағы осы ірі екі компания жоспарды толықтай орындайды деп сенемін. Құрылыс барысы қадағаланып отырады, – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов. 
Қостанай қаласында индустриалдық аймақты құру тұжырымдамасын «ПрайсуотерхаусКуперс Такс энд Эдвайзорин» ЖШС директоры Наталья Лим таныстырды.IMG_7885
 
IMG_7889
IMG_7893
IMG_7871
IMG_7884
Кездесу барысында Қостанайлық автошығарушылар мен шетелдік автокөлік өнеркәсіптерінің арасында стратегиялық серіктестік бойынша келісімге қол қойылды. Тараптар бірнеше салалардағы жұмысты белсенді жүргізу жөнінде шешімге келді. Оның ішінде инвестиция бағыты бойынша жұмыстарға барынша басымдық берілетін болды.IMG_7952
IMG_7964
 
IMG_7859
 
Қасқырбай Қойшыманов.
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓