Аманкелді ауданына Асхат Тарғын келді

Батпаққара өңіріне "шип-шип" әнші Асхат Тарғын келді. Ол аудан орталығында ораналасқан Б.Қолдасбаев атындағы орта мектепте «Шоғайна» үйірмесінің жетекшісі Ә.Мұратбекұлының ұйымдастыруымен өткен шоу бағдарламаның қонағы болды. IMG-20160220-WA0019«Мария, арман едің» әнімен жалпақ жұртқа есімі жайылған өнер иесін көруге оқушылардың біреуі қалмай келді. Жұлдызды мейман  домбырамен ән шырқап,  оқушылардың  сұрақтарына жауап берді. Әншінің қатысуымен өткен еркін сұхбат алаңы аманкелділік жас тыңдармандардың көңілінде ұмытылмас әсер қалдырды.IMG-20160220-WA0013Кеш соңында директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Әбдіков  мейманға ризашылығын білдіріп, мектеп атынан естелік сыйлық тарту етті.IMG-20160220-WA0002
   
Әнет ЖҰМАБЕК
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓