Жазғы жарыстың әзірлігі

IMG_8761222
Биылғы облыстық ХХХІV «Тың-2019» спартакиадасы Жітіқара қаласында 8-11 тамыз аралығында өтеді. Спорттық сайыстарды өткізуге 44,7 млн теңге жұмсалады деп күтілуде. Бұл жөнінде аймақ әкімдігінде өткен кеңейтілген мәжілісте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Бегалин мәлімдеді.
– Жыл өткен сайын спорттық жарысқа қатысушылар саны артып келеді. Былтырғы Лисаковта өткен спартакиаданың іріктеу сайыстарына 42,9 мың, ал ақтық жарыста 2011 адам қатысты. Биыл аудан-қалалардағы іріктеулерден өткен 43 мыңнан астам спортшының Жітіқарадағы ақтық сайыста 2030-ы бақ сынасады. Олар спорттың 18 түрінен жүлделерді сарапқа салады. Оларға халықаралық дәрежедегі 3, жоғары ұлттық дәрежедегі 12 және ұлттық дәрежедегі 16 төреші қазылық етеді. Қазіргі таңда Жітіқара ауданының әкімдігі спорттық нысандар әзірлігін аяқтауға жақын. 20 шілдеге қарай қаладағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені құры лысын салып бітіруді жоспарлап отыр, – деді А.Бегалин.
8 тамыз күні сағат 15.00-ге дейін қатысушылар Жітіқара қаласына жиналып, тіркеледі. Спартакиаданың ашылу салтанаты 9 тамызда сағат 19.00-де қалалық стадионда (1000 орындық) өтеді. Ал 11 тамыз күні 14.00-де жабылу шарасы өтпек. Жалпы, 11 тамызда аяқталатын тоғызқұмалақ, шахмат, жеңіл атлетиканы есептемегенде, спорттық ойындар 9-10 тамызға жоспарланған. Спартакиада өткен соң жеңімпаздар арасынан облыстық команда жасақталып, республикалық, халықаралық жарыстарға жоддамалар алатын болады.
IMG_8725111
– Спартакиадамен қатар, Жітіқара ауданында ұлттық ат спорты түрлерінен облыстық чемпионат өткізілгелі отыр. 10 тамыз күні сағат 10.00-де жалауын көтеретін байрақты бәсекеде тай жарыс, топ бәйге, құнан бәйге, аламан жарыс және көкпар ойындары бар, –  деді баяндамашы.
Айта кету керек, облыстық спартакиада аяқталған соң 21-23 тамызда мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында паралимпиадалық жарыстар жалауын көтереді.
Жалпы, облысымызда саламатты өмір салтын ұстанатындар қатары жыл санап көбейіп келеді. Былтыр өңірімізде спортпен шұғылданғандар саны 263 мың немесе барлық тұрғынның 30%-ін құраса, биыл олардың саны 273 мыңға (халықтың 31,6%) жеткен.
 
IMG_8926333
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓