Қайырымдылық концерті өтеді

Бүгін Қостанай қаласындағы «Мирас» мәдениет үйінде лейкоз дертіне шалдыққан Айша Қабылбекованы қолдауға арналған қайырымдылық концерті болады.Билет құны – 1000 теңге.КайырымІс-шара облыстағы шығармашылық ұжымдар және өнерлі азаматтардың бастамасымен өткелі отыр. Жуырда А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың студенттері төрт жасар Айшаға көмек ретінде акция ұйымдастырып, елу мың теңгеден астам ақша жинады. Аталған оқу орнындағы жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Болат Қалиевтың айтуынша, бүгінгі концертте №2 студенттер үйінің жастары Айшаның есеп шотына 100 мың теңгеден астам қаржы аудармақ. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓