Жақсының аты өлмейді
Мемлекет және қоғам қайраткері Оразалы Қозыбаевтың туғанына 90 жыл толуымен орай ол туралы белгілі журналист Гүлжібек Бекмұханбетова түсірген деректі фильм мен "Оразалы Козыбаев. След в истории" кітабының тұсаукесері өтті.

Аға аруағына Марал ишан мешітінде құран оқылып, "Дала-Холл" мейрамханасында мерейтойлық дастарқан жайылды. Жиналған көпшілік Орекеңнің өзіне тартқан ұлы Құмар Қозыбаевқа ақ батасын беріп, ризашылықтарын білдірді.
Сәлім МЕҢДІБАЙ