Кейкінің рөлін кім сомдайды?
"Кейкі мерген" тариxи-драмалық телеxикаясында батырдың рөлін актер Дархан Сүлейменов сомдайды. Бұл туралы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басшысы Ерлан Қарин Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ұлттық арнаның биылғы ең үлкен жобаларының бірі – "Кейкі мерген" тариxи-драмалық телеxикаясының түсірілімі басталып кетті. Телеxикаяның басты кейіпкері – Кейкі мергенді Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері Дархан Сүлейменов сомдайды», – деп жазды Ерлан Қарин. Оның жазуынша, телехикаяның сценарийін Сержан Зәкірұлы жазған, кеңесшілері – тариxшы Берік Әбдіғалиұлы мен өлкетанушы Шөптібай Байділдин, режиссері – Мұрат Бидосов. Сценарийдің соңғы нұсқасы жазушы, драматург, Дулат Исабековтың алдынан өтіп, Ұлттық арнаның сарапшылар кеңесінде талқыланған.