Жаңа ән Кездесем ертең…

кездесем ертенӘні мен сөзі Серікбай Оспанұлы
 
Мен саған қалай бармасам екен,
Ақыл мен сезім арбасады екен.
Өзіңді мүлде жек көремін деп,
Өзімді қалай алдасам екен?!
 
Қайырмасы:
Кездесем ертең,
Не десем екен?!
Кездесем ертең,
Не десем екен?!
 
Сенбесең, еркем,
Келмесең екен,
Көзімдегіні
Көрмесең екен…
 
 
Өтірік сөзді қайталадым ба,
Басқаша бірақ айта аламын ба?
Жадымнан шықпай жүрсің сен менің
Қалдым ғой ойдың тар қамалында.
 
Қайырмасы.
 
Өзімді-өзім жеңе алмадым-ау,
Өзіме өзім сене алмадым-ау.
Болдың ғой күйік жаныма менің.
Болдың сен биік неге арманым-ау?!
 
Қайырмасы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓