Алапат өрт ауыздықталды

 Қостанайда «Титан» ЖШС газ құю стансасында шыққан өрт қауіпсіздік техникасының бұзылуынан   болуы мүмкін. Оқиға салдарынан техника жанып кетіп, бір адам зардап шекті. Әзірше мамандар газ толтырылған үлкен цистерна жарылған деп болжап отыр. Бұл туралы Қостанай облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің баспасөз қызметі хабарлайды.орт
"Өрт туралы хабарлама 101 нөміріне кешкі 21.17-де  келіп түсті. Автомобиль тартқышы, екі цистернаның тиекті арматурасынан газ отқа оранды, төтенше оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің күштері дереу жетті. «Өрт аумағында көлемі 70 текше метр  екі цистернаның жарылу қаупі болды" делінген хабарламада.
21.55-те орында жедел өрт сөндіру штабы, 2 жауынгерлік учаске  құрылды, облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов пен облыс орталығының әкімі Базыл Жақыпов, ТЖД, құқық қорғау органдарының басшылары келді.
-Өрт сөндіру кезінде температураның жоғарылығы мен нысанда өрт сөндіру құралдарының жетіспеуі қиындық тудырды, – деп атап өтті ведомтсво баспасөз хатшысы Зәмзәгүл Айдарбекқызы. – су тасу үшін қаланың коммуналдық қызметтері де қосымша тартылды. 102, 103, қалалық электр желісі, Қостанай-Су, «Иволга-Астық» ЖШС, «Целина» РМК, «Қазақстан-Темір жолы» өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.
Жалын 2,5 сағатта оқшауланып, 23 ақпан түнгі бірде ауыздықталды.
Зардап шеккен 30 жастағы күзетші беті, қолдары күйіп, ауруханаға жеткізілді.
Өрт сөндіру уақытында кіреберіс жолдар қоршауға алынды.
Өртті сөндіруге 24 бірлік арнайы техника, 97 адам тартылды. Өрттің шығыны мен себебі анықталуда. Қылмыстық іс қозғалды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓