Ресейлікке айыппұл салынды
Қостанай облысының Жітіқара аудандық соты ҚР әкімшілік құқықтық кодексінің 517 бабы 2 бөлігі бойынша Ресей Федерациясының азамашасына қатысты әкімшілік істі қарады.Көршілес елдің азаматшасы өткен жылдың 20 желтоқсанында пойызбен Жітіқара қаласында тұратын қызына келген. Қазақстан Республикасында 3 ай мерзімге дейін тіркеусіз болуға рұқсат бар деп ойлап, қате түсінікпен тіркеуден өтпеген. Қазақстанда 20 жылдан астам уақыт болмағандықтан тіркеу тәртібі туралы білмегендігін айтқан азаматша қатаң жаза тағайындамауды сұраған.
Сот қаулысымен әкімшілік құқық бұзушыға 22270 теңге айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.