Мас күйінде…
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаментінің кезекті өткен Тәртіптік кеңесінде мемлекеттік органдары жетекшілеріне қатысты үш іс қаралды.
Полиция қызметкерлері Федоров аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекшісі Алексей Байназаровты ағымдағы жылдың сәуір айында қызметтік автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін ұстаған-ды. Тәртіптік кеңес Алексей Байназаровтың іс-әрекеті мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексі нормалары мен шектеулерін бұзды деп қарастырып қарады. Бөлім жетекшісінің жауабын тыңдап, Тәртіптік кеңес қызметтік талапқа толықтай сай емес деген ескертумен тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыным шығару туралы шешім шығарды.
Міне, осындай ескертумен тәртіптік жауапкершілікке тарту жөніндегі ұсыным туралы шешімді Тәртіптік кеңес Қарабалық ауданы кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі Төлеген Дәулетовке де шығарды. Ол да мас күйінде көлік айдап, жол қозғалысын бұзып, жол-көлік оқиғасына ұшырады. Газ тіреуіне соғылды. Нәтижесінде жол төсемі шетіндегі 8 метр жерде орналасқан төмен қысымдағы газ құбырын соқты.
Ал, үшіншісі, Әулиекөл ауданы Новонежин селолық округінің әкімі Асылхан Журсалин өзіне уақытша жер пайдалану құқығын беруге байланысты өтініш білдірген кәсіпкермен әдептіліктен аттап өтіп, дөрекі түрде сөйлескен. Осындай дөрекі мінезі үшін Тәртіптік кеңес шенеунікке қатаң сөгіс беру туралы ұсыным шығарыды.
Тәртіптік кеңестің төрағасы Берген Беспалиновтың айтуынша, өкіметке деген сенім мемлекеттік қызметшіден басталады. Ол халық пен өкімет арасындағы делдал болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеттердің бірі – қызметтік этика нормаларын сақтау. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші қарапайым іскерлік әдептілік ережесін және моральдық-әдептілік талапты, соның ішінде жұмыстан тыс уақыттарда заңнамада бекітілген шектеулерді сақтауы керек.
Гүлназым САҒИТОВА