9 жылға бас бостандығынан айырылды

Қостанай қаласының №2 соты  ҚР ҚК-нің 106 бабы 3 бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуы)  бойынша 30 жастағы Асхат Жүсіповке қатысты сот үкімін шығарды деп, Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.17738792-190
(Сурет top-news.kz сайтынан алынды)
2015 жылдың 17 қарашасында сағат 05.00 шамасында А. Жүсіпов тергеуде анықталмаған белгісіз адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, «Добрый» шатханасының қасында 23 жастағы жәбірленуші У-ға бірнеше рет соққы жасаған.
Өзінің бұзақылық әрекетін жалғастырған Жүсіпов ұңғысыз қарудан жәбірленушінің басына екі мәтре оқ атқан.    
Қостанай қалалық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілген У. есін жимастан қаза болған.
Сот үкімімен А. Жүсіпов қылмыстық істе айыпты деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жәбірленушінің материалдық шығын мен моральдық залады өндіру туралы азаматтық шағымы ішінара қанағаттандырылып, жәбірленуші У-дың пайдасына 631 369 теңге материалдық және 1,5 млн. теңге моральдық шығын өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓