Зайыбын атпақ болды, алайда…

Қызғаныштан зайыбын атып өлтірмек болған жітіқаралық азаматтың шолақ мылтығы істен шығып абырой болған.
Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа 27 жастағы азаматқа қатысты іс келіп түсті. Ол қаруды заңсыз сақтап, сатқаны және кісі өлтіруге әрекеттенгені үшін айыпталады.
Іс материалы бойынша, ол өткен жылдың жазында "ТОЗ БМ" маркалы 16 калибрлік тегіс қос ұңғылы аңшылық шолақ мылтыққа заңсыз жолмен ие болған.обрез
"2016 жылы 17 қарашада түн мезгілінде Жітіқара қаласында, өз жұбайын өлтіру мақсатында, "Позитив" дәмханасына кіріп келеді. Өзімен бірге спорттық сөмке асынып кірген. Оның іші шолақ мылтық пен оқ дәрілерге толы болыпты. Ерлі-зайыптылар жеке шығып сөйлесуге шығады. Қызғанышқан көзі қызарған еркек мылтықты алып шығып, оқтап алып, шімірікпей әйелінің кеуде тұсына тіреген. Алайда, абырой болғанда, техникалық себептерге байланысты, яғни шүріппе істен шығып, жәбірленуші аман қалды", – делінеді облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша.
Сол сәттегі мүмкіндікті пайдаланған жәбірленуші оқиға орнынан қашып үлгермек болады. Бірақ күйеуі оны шап беріп ұстап, тағы бір мәрте мылтығының нысанасы етуге тырысады, дегенмен бұл жолы да қару атылмай қалады. Алда-жалда азаматша ақыры сол жерден қашып үлгерген.
Басты сот отырысы бүгінге белгіленген. Қылмыскерге қандай үкім кесілгені туралы ақпаратты кейінірек мәлімдейтін боламыз.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓