Бес айдың қорытындысы не көрсетті?
Қостанай облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде ҚР қаржы полициясы органдарының құрылғанына 20 жыл толуына орай және департаменттің үстіміздегі жылғы бес ай ішінде атқарған жұмыстарына арналған баспасөз мәслихаты болып өтті.
Баспасөз мәслихаты аясында қаржы департаментінің бастығы Д.Айтжанов, оның орынбасарлары экономикалық және қаржылық қылмыстарға қарсы күрес мәселелеріне жауапты С.Тастайбеков, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін басқаратын Р.Рашитов сөз сөйлеп, қаржы полициясы органдарының қалай құрылғаны, бұл органға мемлекет, үкімет тарапынан қандай міндеттер мен жауапкершіліктер жүктелгенін айта келіп, ағымдағы жылдың бес айы ішінде атқарған жұмыстарының нәтижелеріне қысқаша тоқталды.
Сонымен бірге облысымыздағы жұртшылыққа белгілі болған бірнеше қылмыстық істердің қалай тексеріліп, жүргізіліп жатқаны, аяқталғаны жайлы хабардар етіп, толықтай мәліметтер берді.
Бүгінде қаржы полициясы органдарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқық бұзушылыққа жол бермеу деген секілді міндеттердің орасан екенін білеміз. Сондықтан да осы міндеттерді жүзеге асырудың нәтижесінде үстіміздегі жылғы бес айында 40 тұлғаға қатысты 69 жемқорлық қылмыстылығы анықталды. Әсіресе соның ішінде қызмет бабында жалған құжат жасау – 26, қызмет бабын теріс пайдалану-20, біреудің мүлкін пайдаланып кету немесе меншіктеп алу – 8, пара алу – 12 кездеседі. Осы кезеңде 52 қылмыстық іс аяқталды, сотқа 41 іс жіберілді. Келтірілген нұқсан сомасы – 182,0 млн. теңге болып табылады, қайтарыл-ғаны – 98,6 млн. теңге, яғни бұл 54 пайыз. 14 адам сотталды. Мемлекеттік сатып алу да да көбірек заң бұзушылық кездеседі. Және де айтар болсақ, бес ай ішінде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында 11 лауазымды тұлғаға қатысты 20 сыбайлас қылмыстылық анықталды. Аяқталған қылмыстық іс бойынша келтірілген нұқсан сомасы – 120,3 млн. теңге болса, 91,1 млн. теңге қайтарылды.
Департамент 2014 жылғы 5 айында 140 экономикалық қылмыстылықты анықтады. Еліміз-дің экономикасына әсіресе жалған кәсіпкерлік қызметі көп зиян келтіріп отыр екен. Сондықтан да бұл бағытта қылмыстылықтың бастапқы кезеңінде анықтау бойынша жұ-мыстар атқарылуда. 5 ай ішінде 30 факті анықталып, тексеру жүргізілуде. Міне, осы секілді кейбір деректер баспасөз мәслихаты барысында айтылды. Журналистер де өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.
Гүлназым
САҒИТОВА