Армениялық және молдовалық азаматқа қатысты іс қаралды

Қостанай облысының Ұзынкөл аудандық соты Армения мен Молдова елдерінің азаматтарына қатысты екі әкімшілік істі қарады. Олар «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келу, кету және мекендеу ережесін» бұзған.pic_a37085a380459d2e0da1b4d11dee7fedЕкі іс бойынша әкімшілік құқық бұзушылар соңғы бір жыл ішінде осы заң бұзушылық әрекеттерін екі рет қайталаған. Құқық бұзушыларға ҚР ӘҚБтК 517 бабы 6 бөлігі (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны  саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша хаттама толтырылды.
Сот қаулысымен әкімшілік құқық бұзғандары үшін шетелдіктерге 15 АЕК (32 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓