Спорт мектебінің игі шарасы

"Қайрат" спорт кешенінде 1-Наурыз – Қазақстан Республикасының "Алғыс айту" күніне орай спорт ардагерлерімен кездесу өткізілді. DSCF3572Қонақтар ең алдымен кешен ішіне саяхат жасап, жаттығу залдарын көрді.
Кездесуге қала әкімінің орынбасары Есламбек Мәметеков, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәнібек Ғапбасұлы қатысып, жылы лебіздерін білдірді. Ардагерлер Сапар Шәріпұлы, Николай Ромашенко, Қуанышбай Қазымбек, Молдатай Жапаров, Сейтқали Оташевтар өнегелі өмір жолдарынан сыр шертті.
Спорт мектебінің директоры Рүстем Шалабаев ұжымның тыныс-тіршілігі жайлы әңгімелеп берді. Кешен тарихы өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастау алады. Осы уақыт ішінде еңбек сіңірген төрт жаттықтырушы, жүзден аса спорт шебері шықты. Балғын спортшылар облыс намысын асқақтатып жүр. Мектепте мыңға жақын бала дзюдо, қазақ күресі, футбол, тоғызқұмалақ, гір спорты сынды спорт түрлерімен жаттығады. Оларға 17 жаттықтырушы қызмет көрсетеді. Жыл ішінде 139 бала спорт шеберіне үміткер атанып, І – ІІ разрядқа ие болды.DSCF3558
Спорт тазалыққа, сымбаттылыққа тәрбиелейді. Соның арқасында қариялар қуатты.
– Менің жасым жетпіс тоғызда. Әлі күнге дейін футбол ойнаймын. Жақсы жетістікке жету үшін салауатты өмір салтын ұстану керек, – деп, жастарға ақыл кеңесін айтты ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Николай Ромашенко.
"Бүгінгі жастар бақытты. Біздің кезімізде мұндай зәулім сарайлар болған жоқ. Жаттығуларымызды далада өткізетінбіз" деп, жаңа дәуірдің жетістіктеріне сүйсінген ардагер спротшылар өздерінің әлі де бабында екенін бір сәт боз кілемге шығып, бокс, еркін күрес тәсілдерін көрсетіп, гір тасын көтерді.DSCF3582
 
DSCF3576
DSCF3584Спорт мектебінің тәрбиеленушілері өз кезектерінде кездесудің қызғылықты өтуіне атсалысқан ардагер аталарына алғыстарын айтып, ескерткіш сыйлықтар ұсынды.DSCF3592
 
Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген автор
Арқалық қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓