Еріктілер полиция қатарында
Қостанайда полиция волонтерлері жұмыс істей бастады. Олар тәртіп сақшыларына көшелерді патрульдеуге, жоғалған адамдарды іздеуге, сондай-ақ алдын алу жұмыстарын жүргізуге көмектесетін болады. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлайды.
Бүгін Қостанай қаласы полиция басқармасының «Набережный» бекетінде 10 еріктіге арнайы кеудешелер мен куәліктер тапсырылды.
– «Полиция волонтері» атағының тағы бір артықшылығы – келешекте жұмысқа орналасуға оң септігін тигізеді, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД Кадр саясаты басқармасының бастығы полковник Бағадат Итесов.
«Полиция волонтері» деген жазуы бар куәлік пен арнайы кеудешелерді жергілікті полиция қызметінің бастығы подполковник Құрмет Мәжікенов табыс етті.
– Бүгін полиция саласында 500-ден астам адам ерікті түрде көмек көрсетуде. Жыл басынан бері олар 12 қылмыс пен 400 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Қоғамдық тәртіпті сақтауға белсене қатысқаны үшін 110 полиция көмекшісі марапатталды, – деп атап өтті Қ. Мәжікенов.
Бүгін полиция еріктісі Салтанат Аймұрзина куәлігін алғандардың арасында. Ол екі жыл бойы «ДОС» іздестіру жасағының құрамында белсенді жұмыс істеп келеді.
– Мен мұны азаматтық парызым деп санаймын. Біздің отряд жоғалған адамдарды іздеу бойынша іс-шараларын белсенді жүргізеді, сондай-ақ мұқтаждарға көмектеседі. «Полиция волонтері» атағы одан әрі жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді, өйткені біз осы мамандықтың қыр-сырын қазірдің өзінде меңгеріп үлгердік, – деп атап өтті полиция волонтері.
Бүгінде полиция волонтерлері қаланың орталық бөлігін қамтитын «Набережный» тірек пунктінде өз жұмысын бастайды.
Еріктілер қозғалысының маңыздылығы жайында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ерекше атап өткен болатын. Алдағы жыл елімізде еріктілер жылы болып жарияланды.