Аламан бәйгеде бақ сына!

Жуырда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, 51 шақырым қашықтыққа «Алтын тұлпар» III республикалық аламан бәйге өтеді. Турнирге еліміздің барлық облыстары, Алматы мен Астана қалаларының бәйге аттары қатыстырылмақ.
Әр облыстан кемі 10 аттан қатыстырылады.

skachki24_thb_610x350x2

Турнир Ақмола облысы, Целиноград ауданы Қабанбай ауылының аумағында болады. Қатысушылар қыркүйек айының 1-не дейін өтінім беруі керек. Өтінімде аттың иесі, шабандоздың аты-жөні, аттың есімі, жасы, жынысы, түр-түсі, тұқымы және атты жарысқа қосуға берілген рұқсаты жазылуы тиіс. Жарысқа 10 жастан асқан, атты басқаруға икемі бар, арнайы дайындықтан өткен, ата-анасының заңды рұқсаты және сақтандыру полисі бар спортшылар қатыса алады. Шабандоз бен атқа сақтандыру полисін тапсыруға міндетті. Турнир ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бекіткен регламент бойынша өтеді. 
Дәстүрлі аламан бәйгені ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырмақ.

Қымбат ДОСЖАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓