ЖОМАРТ ЖОЛЫНАН ЖЫҒЫЛМАЙДЫ

Жастайынан әкесінен айырылған Салтанат Махамбетова үшін бүгін ерек күн. Себебі, «Қостанай автовокзалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Қуаныш Омаров оған қала орталығынан екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.IMG_0085 (1)
– Қазіргі таңда жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі әлем елдерінің басты проблемасына айналып отыр ғой. Қызым күні кеше студенттік өмірді аяқтап, енді оның жұмысқа тұрғанына қуанып жүргенбіз. Ал, дәл туған күнінде жасалған мына күтпеген сыйлық біздің отбасына тағы бір серпін берді. Біз өзіміз де аң-таңбыз. Салтанат әжесінің 16-шы немересі. Оның оқушылық кезден бергі мақсаты дәрігер болып, елге жақсы қызмет етіп, әжесін бағып-қағу еді. Міне, бала арман өз легімен орындалып келеді, – деді анасы Аида.
Салтанат Махамбетова – Қостанай облыстық қан орталығының қызметкері. 2015 жылы Қостанай медициналық колледжін үздік бітірген. Автобекет басшысы Қуаныш Омаровтың осы сыйлығы болашағыма сенім береді дейді Салтанат Ғалымжанқызы.IMG_0086
Мемлекет қолынан іс келетін жастарды қолдап-қолпаштайды, әркез болашаққа бағыттайды. Байыпты әзірленіп, салиқалы салмақтанған бағдарламалар да жасалынып, жемісін беріп жатыр. Ал кәсіпкерлер мен түрлі ұйым басшыларының жастарға көрсетіп жүрген қамқорлықтарының арқасында елдегі жұмыссыздық мәселесі шешіліп келеді.
Шыны керек, дағдарыс діңкелетіп тұрған тұста Атымтай жомарт жандардың осындай қайырымдылық істеріне ерекше тәнті боласың. Серіктестік директорының бұл ісі көпке үлгі.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ,
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓