Үздіктер анықталды

Қостанай қаласында қазақ күресінен ересектер мен әйелдер арасында Қазақстан кубогі өтті. Республикалық турнирде Қостанай облысының намысын 37 палуан қорғады. Олардың арасында халықаралық жарыстардың жүлдегерлері бар. Қазақ күресінен Қостанай облысының аға жаттықтырушысы Жұмақан Қасымханов айтқандай, Қазақстан кубогі жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.
– Қостанай өңірі күрес түрлерінен талай республикалық, халықаралық жарыстарды өткізіп жүр. Бұл жолғы ел кубогі де өз дәрежесінде өтті. Әсіресе осы турнирде жақсы өнер көрсете білген қыздарымызды ерекше атар едім. Ересектерімізден қалыспай, командалық тұрғыда өте жақсы нәтижеге жете білді. Нәзік жанды палуандарымыз мұнымен тоқтап қалмайды деген сенімдемін. Оларға көп үміт артамыз, – дейді Жұмақан Нұрханұлы.
Сонымен, қостанайлық бозкілем шеберлері Қазақстан кубогінде 2 алтын, 3 күміс, 4 қола медальға ие болды. Ересектер арасында күрескен Алмас Жұмағали «Түйе палуан» жарысында финалда есе жіберді. Командалық есепте Қостанай қыздары жүлделі 2 орын алды. Медаль жағынан Қостанай облысы Алматы аймағының спортшыларына жол берді. Төменде жүлделі орын алған қыздардың нәтижесі:
1 орын – Аружан Дүзелбаева (48 келі)
2 орын – Жансая Баймағанбетова (52 келі)
2 орын – АружанҚазымбек (77 келі)
3 орын – ӘселҚабдығалымова (+77 келі)
3 орын – Таңсұлу Тәңірберген (52 келі)
3 орын –Аружан Қырықбай (60 келі)
Қасқырбай Қойшыманов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓