Дәрігерлердің кінәсі дәлелденді
Ұлының өліміне дәрігерлерді айыптаған қостанайлық әйел сотта ақыры жеңіп шықты. Айыпты деп танылған дәрігерлер шартты жазаға тартылды.
Сот үкімі бойынша айыпталған ақ халаттылар 2 жылға бас бостандығынан айырылып, 3 жылға медицина саласынан шеттетілген еді. Тек оқиғаның осыдан бес жыл бұрын болғанын ескеріп, судья жазаның бәрін алып тастады. Айта кетейік, қостанайлық Зәуреш Дүйсембина баласының қазасына дәрігерлерді дұрыс диагноз қоймаған деп айыптаған болатын.
Төрт жасар Арсенге олар туберкулез деген диагноз қойып, оны емдеу барысында бала гепатитке шалдыққан. Алайда, уыты күшті дәрілер Арсеннің бауырын зақымдап, ақыры бала ауруханада көз жұмды.
-Олар ешқандай жаза тартпағанымен, менің бес жыл бойы айтып келгенімнің дәлелденгеніне көңілім толады. Баламды бәрібір қайтара алмаспын. Бірақ, өзге дәрігерлер үшін бұл сабақ болады деген сенімдемін,-дейді Зәуреш Дүйсембина.