Ақшамдағы алапат өрт (ВИДЕО)

Кеше Қостанай қаласының Әуежай шағын ауданындағы "Титан" фирмасы аумағында алапат өрт шықты. Оны алғаш болып сол маңдағы тұрғындар байқаған. Айтуларынша, әуелі қатты жарылыстың дауысы естіліп, артынша өрт өршіген.
Тілсіз жау туралы дабыл 101-ге сағат 21:17-де келіп түскен. Бұл туралы Қостанай облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.
Оқиға орнына 7 техника мен жеке құрамнан 31 құтқарушы жұмылдырылған. Әуежайға барар жолды тәртіп сақшылары уақытша бұғаттады. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталуда.   
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓