Қарсылас – есірткі жарнамасы
Облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер Қостанай қаласындағы үйлердің қабырғасындағы есірткі жарнамасына қатысты мәлімдеме жасады.Айтылмыш дерекке байланысты есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқарма қызметкерлері ҚР ҚК 297 бабына ("Есірткілік заттарды сату") сәйкес қылмыстық іс қозғады.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және бұл қылмысқа қатысы бар адамдардың тұлғасын анықтауға бағытталған арнайы шаралар қолға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және бұл қылмысқа қатысы бар адамдардың тұлғасын анықтауға бағытталған арнайы шаралар қолға алынды.
Естеріңізге сала кетейік, көпқабатты үйлердің, дүкендердің және өзге де нысандардың сыртындағы есірткі жарнамасы қостанайлықтардың алаңдаушылығын тудырған еді. Сондай-ақ, дәл осындай әрекетпен айналысқан қылмыстық топ Алматы қаласында құрықталған.