Қауіп таяған сайын…

Көктемгі су тасқыны Қостанай облысының оңтүстік аудандарында, орташа есеппен алғанда, наурыз айының 22-25-нен басталып, сәуір айының 21-не қарай аяқталады. Ал, солтүстікте – сәуірдің 2-3-нен 29-на дейін созылуы мүмкін. Өткен жылдың қарашасы мен 2016 жылдың қаңтары аралығында түскен қар көлемі – 99 мм. Бұған дейін де айтқанымыздай, қардың биіктігі – 34 см, бұл әдеттегіден бір жарым есе көп.IMG_1911 Қар суының қоры шамадан екі есе артып, 108 мм құрап отыр. Егерде күн бірден жылып кетсе, қардың еруінен қауіп болуы мүмкін. Ал түнде қатқақ болып, күндіз ғана ерісе, онда судың мөлшері анау айтқандай көп болмауы кәдік. Алдын ала болжамдар бойынша, облыста көктемгі су тасқынының жайылма суынан, үлкейтіп айтқанда, 1840 тұрғын үй мен 7918 адам, 35 автожол учаскісі, 17 тоқ беру желісі, 49 елді мекен зардабын көруі бек мүмкін. Атап айтқанда, Әулиекөл, Алтынсары, Аманкелді, Денисов, Жітіқара, Жанкелдин, Қамысты, Қарабалық, Қостанай, Науырзым, Сарыкөл, Таран және Ұзынкөл аудандары, Лисаков пен Арқалық қаласы да арласуы ғажап емес. IMG_1903Су тасқынының алдын  алу үшін аймақтың елді мекендерінде қар шығару жұмыстары қарқын ала түсті. Сенбіліктер өткізіліп, Департамент қызметкерлері тұрғын үйлерді аралап, тұрғындарға қардан өздеріне қарасты аумақтарды тазарту қажеттілігі жайында түсінік беру жұмыстары жүргізіле бастады. Ақпан-наурыз айларында аймақты әуеден барлау жұмыстарын жүргізу  сәуір айының бірінші немесе екінші онкүндігіне жоспарланып отыр. Болуы ықтимал оқыс жайттардың алдын алу мақсатында қапшықтар, инертті материалдар дайындалып, азық-түлік, дәрі-дәрмек пен басқа да бастапқы жәрдемге қажетті заттар қоры жинақталуда. Су тасқыны болған аймақтардан азаматтарды уақытша оқшаулау үшін 68 объекті дайындалды. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓