Орыс тілі білгірлерінің облыстық байқауы өтті

IMG_2109Өткен аптада облыстық тіл-дерді дамыту басқармасы дарынды жастардың басын қосып, мәдениетаралық қарым-қаты-насты жаңғырту мақсатында олардың белсенді азаматтық ұстанымы мен ұлттық дүниетанымын қалыптастыру үшін және шешендік өнерді дамыту мен сөйлеу мәдениетін арттыруда қазақ тілінде оқитын жастар арасында "Тіл – барлық білімнің кілті" орыс тілі білгірлерінің облыстық байқауын өткізді.
Бұл байқауға А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, Қостанай педагогикалық колледжі, Қостанай экономикалық колледжі студенттері қатысып, бағын сынады. Байқаудың шарты бойынша әрбір қатысушы билет бойынша ұсынған тапсырманы жұппен орындай білді. Мәселен, Мәңгілік ел ұлттық идеясына көзқарасыңыз қандай? Қазіргі жастар кітап оқи ма? Интернет желісін жиі қолданасыз ба? деген  диалог тақырыптарына сөз жарыстырды. Ал, екінші тапсырмаға сай орыс тілінде эссе және ағылшын тілінде түйіндеме жазу міндеттелді. Сондай-ақ, "Шабыт жұлдызы" арнайы тапсырмасына  ән,  би орындау, мәнерлеп оқу арқылы орыс мәдениетін көрсету ұсынылды.
Нәтижесінде, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенті Жұпар  Қожахметова байқаудың барлық шарттарын жоғары ұпай жинап орындап, бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды  Қостанай педагогикалық колледжінің студенті Арайлым Төлкенова иеленсе, үшінші орын Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің студенті Диана Ахатқа бұйырды.  Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталып, басқа да қатысушыларға алғыс хат пен естелік сыйлықтар берілді.
Ұйымдастырушылар алдағы уақытта мұндай игі шараларды өткізіп тұру дәстүрге айналуы бек мүмкін деген ниеттерін жеткізді.
Нұрболат
        МЕШІТБАЕВ
СУРЕТТЕ: сайысқа түскен білгірлер
Суретті түсірген: Айбек ЖҮЗБАЙ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓