Алғаш рет
Алтынсарин ауданындағы кәсіпкерлікті қолдау орталығында алғаш рет "Табысты кәсіпкер бол" тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Жиынға қатысқан кәсіпкерлер "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының төртінші бағыты аясындағы "Бизнес-кеңесші-2", "Шағын және орта бизнесінің топ-менеджментін оқыту", "Іскерлік байланыстар" жобаларын талқылады. Дөңгелек үстел аяқталғаннан соң екі кәсіпкер облысымызда үстіміздегі жылғы шілде айынан басталатын "Бизнес-кеңесші-2" жобасына қатысуға ниет білдірді.