Жарылған құдықты кім жөндейді? (ВИДЕО)

20 ақпан күні Сібір және Баймағанбетов көшелерінің қиылысында су бағаны жарылды. Мұндай апатты жағдайлар жыл сайын болып тұрады дейді тұрғындар. IMG_6405Ал осы оқыс оқиға барысында Артем Тарасенконың үйіне (Байтұрсынов көшесі, 43/18) қатты залал келген. Құбырдан аққан су үйге дейін  еніп кеткен.
 
IMG_6389
– Су бағаны жарылғалы екі күн болды. Біздің үй ылдида орналасқан. Тез арада билік өкілдеріне, ТЖМ хабар бердік. «Қостанай-Судың» басшысы Юрий Курс та келді, дегенмен нәтиже шықпай отыр. Ешқандай көмек бере алмаймыз деді ол. Сондықтан сіздерге хабарласып отырмыз. Алғашқы күні барымызды салып үйдің кіреберісіндегі суды сыртқа шығаруға тырыстық. Бізге жіберілген трактор 3 сағаттан соң бірақ келді. Олар құдық бетін бітегендей болды. Ал екі күн бойы аққан су, енді, міне қатып қалды. Үйдің ішінде мұз ойып отырмыз қазір, – деп күйінеді Артем.IMG_6376
«Қостанай-Су» мекемесіне қоңырау шалдық. Апаттық жағдайлар бөлімінің маманы тек қана ауладағы оқыс жағдайларға ғана жауап беретіндігін, жеке үйге, аулаға құйылған суға ешқандай көмек көрсете алмайтындығын айтты. IMG_6409
Аталған жайтқа байланысты Қостанай қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Самат Жанділдинге хабарласқанымызда: 
– Әкімшілік жағдайды бақылауда ұстайды. Құдықтан шыққан суды басқа аулаларға жібермеу үшін техникалар жұмылдырылған, – деді.
 
    Қасқырбай Қойшыманов

You may also like...

1 Response

  1. Артем айтты:

    спасибо вам, нам позвонили и приехали с службы. Спасибо еще раз.          

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓