Айуандықтың құрбаны болды

Арқалық қаласында аса ауыр қылмыстық оқиға 22-қыркүйек күні тіркелді. Қаланың қақ ортасындағы көпқабатты үйдің жертөле қабатынан өлі әйелдің денесі табылды, деп жазады "КН" "Новости Аркалыка" баспасына сілтеме жасап.убийца нож
53 жастағы әйелді келесі күні тауып алған полицейлер оның өлімінің ауыр зорлық-зомбылық салдарынан болғанын анықтады. Денені сырттай тексеру кезінде белгілі болғандай, марқұм тамағынан бауыздалған әрі мойны скотчпен ораулы болған. Беті гематомадан көрінбей, денесінің төменгі бөлігі киімсіз жатыпты, ал қолдары алдына капрон жіппен қапсырыла байланған.  
Тәртіп сақшылары екі күдіктіні қолға түсірді. Бірі – жиырма жастан енді асқан, ал екіншісі – кәмелеттік жасқа толмаған. Екеуі де психиатр дәрігердің тіркеуінде тұрғаны мәлім болды. 
Мойындау түсінігін беру кезінде күдіктілердің бірі әйелді зорлап болған соң өлтіргендерін айтқан. Қылмыс орнын тінту барысында қара сапты қолдан жасалған пышақ пен "Нокиа" маркалы телефон, арақтың және сусынның бос шөлмектері табылды. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓