Армысың, қарт Торғай!

Тобыл өңіріне сапарлап келген ғарышкеріміз Айдын Айымбетов Қостанай облыстық коммуникация дирекциясында қонақта болды. Дирекцияның ID орталық пен өткен ғасырлардан сыр шертетін жәдігерлер топтастырылған мұражайын көрді.IMG_5967 Ең соңғы үлгіде жабдықталған бірнеше нысанын аралады. Халық қаһарманын атап айтқанда, республикада теңдесі жоқ оқу-жаттығу, еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік сыныптары, оқу полигоны бар байланысшыларды даярлау орталығы таң қалдырды. Тілдерді оқыту орталығы мен байланысшылардың демалатын орындарына да соқпай өткен жоқ.IMG_5931«Жастелеком» жастар ұйымы мүшелерімен аз-кем сұхбаттасқан ғарышкер өзінің өмірбаянын айтып, сұрақтарға жауап берді. IMG_6195Айдын Айымбетов шалғайдағы Жангелдин ауданының жұртшылығымен телекөпір арқылы тілдесті. Аудан әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетов, Торғай ауылы ардагерлерінің төрағасы Жылқыбай Бәкіров, аудан ардагерлері мен аудандық телекоммуникацилар торабының қызметкерлері жылы лебіздерімен бөлісті.IMG_6282
IMG_0785
 
IMG_6199Жас әнші Шынболат Жүзбай Халық Қаһарманына арнау айтып, Нүретден қажы Молдабеков ақ батасын берді.IMG_6206
 
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ,
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ,
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
 
Халық қаһарманы Айдын Айымбетовке арнау
 
Сөз алдым Торғай жерінен,
Көк майсалы белінен.
Пейілі кең қашанда,
Тарихқа толы өрілген.
Бағасын беріп Сыр-ағаң,
Ленинградқа теңеген.
Дұғай сәлем жолдаймын
Тарихи Торғай елінен.
Орындалып арманың,
Көк аспанға самғадың.
Талғат пенен Тоқтардың
ізін бүгін жалғадың.
Жарқыраттың жұлдыздай
қазағымның бар бағын.
Асқақтай берсін мәңгілік
нар тұлғалы талғамың.
Аспан шарлап айналдың,
Ерлігіңе қайранмын.
Нұрын шашқан күн көріп,
Жер серігі – Ай бардың.
Рухың сенің барыстай,
Айдын аға, айбарлым.
Тектіліктің жолында,
Қаһарман боп қайралдың.
Әр таңыңды арайлы
бақытпенен атырдың.
Сіз қаһарман деген соң,
Шабытымды шақырдым.
Мерейлі бүгін күніңе
үлес қосып жатырмын.
Торғай халқы тілейді
Амандығын батырдың!
 
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ,
Жанкелдин ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓