Өңір бюджетінің өзгерісі талқыланды
Облыс мәслихаты өңір бюджетінің өзгерісі туралы құжатты бірауыздан мақұлдады. Мәжіліске облыс әкімінің орынбасары Роза Кемалова да қатысты. Бұл қаржының дені, яғни 193 миллионға жуық теңгенің біраз бөлігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына және автокөлік жолдарына бағдаршам орнатуға жұмсалады екен. Осы жоба туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Спанов мәлімдегендей, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына 79 млн 389 мың теңге қаржы бөлінсе, жолаушылар тасымалдауы және автөкөлік жолдары басқармасына 37 млн. 531 мың теңге бұйырыпты. Бұл құжаттың ішінде Затобол-Садчиковка-Сергеевка жолы да бар. Оған 5 млн. 642 мың теңге жұмсалатын түрі бар.
Облыс бюджетінің тағы бір қомақты қаржысы Рудный, Лисаковск қаласы мен Жітіқара ауданына газ құбырларын өткізуіне беріледі.
Нұрболат МЕШІТБАЕВ.