Халық қаҺарманы – Қостанайда
Ғарыш ілімі – қазіргі ғылым көшінің басында тұр. Қазақстан тарихында алтын әріппен таңбаланатын оқиғаның бірі – ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетовтың ғарышқа жасаған ғылыми сапары. Ал Халық қаҺарманының Қостанайға келудегі негізгі мақсаты – жас ұрпақпен кездесу, олармен ой бөлісу, пікір алмасу.

Алдымен, Айдын Ақанұлы жастардың мол шоғырланған ортасы – А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне соқты. Ұлы көсем – Ахаңның ескерткішіне гүл шоғын қойып, рухына тағзым етті.




Еске сала кетейік, Айдын Айымбетов ғарышқа «Союз ТМА-16М» кемесімен 2 қыркүйек күні аттанған болатын. Сапар барысында ол өзінің көңіл-күйімен, сезімдерімен Twitter парақшасында бөлісіп отырды, тіпті суреттер мен видеолар салды. Сондай-ақ, поляр шұғыласы мен шаңды дауылды түсіре алды. Ол ғарышта оншақты ғылыми эксперимент жүргізді. Сонымен қатар, Жер бетінің мониторингі және экологиялық апаттарды зерттеу бойынша да эксперименттер жүзеге асырды.

Қасқырбай Қойшыманов
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков
Он еще в городе? Сколько будет?
Мақсат, да, Айдын Айымбетов сейчас в Костанае.